Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
декабрь
2022

«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге»

2022-2023 оқу жылының 12-17 желтоқсан аралығында тарих және құқық негіздері пәндері бойынша
«Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тақырыбында өткізілген апталықтың қорытындысы: 
Желтоқсан айының 12.12-17.12.2022 ж. күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына және Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тақырыбында тарих және құқық негіздері пәндерінің апталығы өтті. Апталықтың жоспары жасалып, бекітілді. 
Желтоқсанның 12-сі күні апталықтың ашылуы болып өтті. Оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырдық
Тарих пәнінің мұғалімі Курбанова А.А. «31 жылда жеткен жетістіктеріміз» атты слайд шоу көрсетіп, оқушыларға 31 жылда жеткен жетістіктеріміз туралы айта келіп, жаңа ғылым-білімді игеруге,  үш тілді білім мен жаңа технологияны қатар алып жүруге дайын екендіктерін көрсетті. 
Тарих пәнінің мұғалімі Акимова Р.К  5-8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты тақырыпта әдеби –монтаж өтті.
Желтоқсанның 13-сі күні тарих пәнінің мұғалімі Курбанова А.А. «Тарих білгірлері» атты тақырыпта 9 сыныптар арасында топтық жұмыс өтті.
Желтоқсанның 14-сі күні тарих пәнінің мұғалімдері Акимова Р.К және Курбанова А.А. Қазақстан Республикасының 25 жылдығына және Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай 5-9 сынып оқушылары арасында «Жыр мүшайрасы» сайысы өтті.Оқушылар тәуелсіздікке,желтоқсанға арналған өлең жолдарын оқыды.
Желтоқсанның 15-сі күні тарих пәнінің мұғалімі Курбанова А.А. 6 «Б» сыныбында «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Тарих пәнінің мұғалімі Акимова Р.К.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты тақырыпта презентация көрсетіліп, 7-9 сыныптардан тест алынды.
Желтоқсанның 17-сі күні Тарих пәні мұғалімі  Акимова Р.К. және Курбанова А.А. апталықтың жабылуына «Менің Қазақстаным» атты тақырыпта 5-9 сынып оқушыларын қатыстырып, тарихи оқиғаларға байланысты презентация көрсетті және оқушылардан сұрақ-жауап алынды. 
Оқушылар сөзжұмбақтар шешті.Оқушылардың салған суреттері бағаланып,орындар берілді. Апталықтың соңы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына 
арналған концерттік бағдарламаға ұласты. Апталыққа белсене қатысқан оқушыларға мектепішілік мақтау қағаздары берілді.
ҚР сынық рәміздері сүрет салысқан үшін оқушылар МАРАППАТАЛАУ! 
Пән мұғалімдері: Акимова Р.К. және Курбанова А.А.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив