Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы.
06
октябрь
2022

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. 
      Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. 
      Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. 
      Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: 
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; 
      Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; 
      қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив