Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2020

"Адалдық сағаты"

Мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы 




Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде№197 НОМ «Бірге – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» апталқ өткізілді. Апталық өткізу мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық позиция қалыптастыруға қажетті бағалы нұсқаулар беру және мүмкіндіктерін дамыту. «№ 197 НОМ» КММ мектептегі апталық «Адал ұрпақ» патриоттық клубы мүшелері ұйымдастырған, педагогтар мен оқушылардың қатысуымен жалпы мектептік флешмобпен басталды. Әрбір сынып «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» ұранымен осы шараға белсене қатысты.

Апталық барысында үлкен үзілістерде мектептің жоғары сынып оқушылары кеңесінің белсенділері және «Адал ұрпақ» клубының мүшелері «Пара-қоғам жауы» экспресс-плакаты сайысын, «Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен» суреттер сайысын, «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбына үздік эссе сайысын өткізді. Сынып жетекшілері «Көмек үшін алғысты қалай айтуға болады», «Сыбайлас жемқорлық - қоғам жауы» тақырыптарына ақпараттық сағаттар өткізді. «Адал ұрпақ» мектеп клубының жетекшісі клуб мүшелері мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – демократиялық қоғам үшін қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жалпы мектеп оқушыларын сапқа тұрғызуда апталық қорытындысы шығарылып, сайыстарға белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. Өткізілген іс-шаралар өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын, тұлғаның берік адамгершілік негіздерін, азаматтық позициясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив