Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2024

Бүгін 1 қыркүйек - Білім күні.

🔔 Еліміздің барлық өңірлерінде білім беру ұйымдары өз есіктерін айқара ашуда. Мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың
білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. 
➡️ Осы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. 
📊 Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады. 
🏢 87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алуда. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 
🔴 Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - «Қауіпсіздік сабағы» енгізілуде. 
Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив