№197 негізгі орта мектебінде « Жыр алыбы – Жамбыл» атты сынып
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 175 жасқа толып отыр. Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің