Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 қыркүйек – Қазақстанда «Қазақстан халқы тілдері күні»
05
сентябрь
2025

5 қыркүйек – Қазақстанда «Қазақстан халқы тілдері күні»

5 қыркүйек – Қазақстанда «Қазақстан халқы тілдері күні» (Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай) ретінде аталып өтеді. Бұл күнге арналған іс-шаралар дайындауда әдетте мынадай мақсат пен міндеттер белгіленеді:
Мақсаты
Мемлекеттік тілдің – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту;
Қазақстандағы барлық этностардың тілдік байлығын, мәдени әралуандығын дәріптеу;
Оқушылар мен жастарға тілдің қоғамдағы маңызы мен құндылығын ұғындыру, отаншылдық сезімін
Міндеттері
1. Тіл мәдениетін насихаттау: дұрыс, сауатты сөйлеу мен жазуға баулу, ана тіліне құрмет қалыптастыру.
2. Көптілділікті дамыту: қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын және өзге этностар тілдерін үйренуге ынталандыру.
3. Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын таныту: оның еңбектерін, тіл ғылымына қосқан үлесін кеңінен насихаттау.
4. Мемлекеттік рәміздер мен құндылықтарға құрмет сезімін арттыру: тіл мен тәуелсіздік байланысын түсіндіру.
5. Мәдени іс-шаралар ұйымдастыру: көрмелер, байқаулар, дебаттар, әдеби-музыкалық кештер арқылы тілдің маңызын көрсету.
6. Бірлік пен келісімді нығайту: тіл арқылы этностардың өзара сыйластығы мен достығын дәріптеу.
Іс-шараның тақырыбы: “Үш тіл - бірлік тілі”
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Сарсенбаева Инжу Сериковна 
Қуандық Эльвира Темірбекқызы

 ​https://www.instagram.com/reel/DOOHuD1jCRlLG1zK6Y_RueU7byaDyMGamaHJ9Q0/?igsh=MW5wdXVqdnk3Zmh1OQ==​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив