Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру
15
сентябрь
2019

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру

Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2017 жылғы 20 желтоқсандағы
 № 636 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы
 
Білім және ғылым министрінің
 
міндетін атқарушының
 2017 
жылғы 27 шілдедегі
 № 357 
бұйрығымен бекітілген

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс берумемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарауЖалпы ережелер

      1. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс берумемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлікәзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсiптікорта білімнен кейінгіжоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушікөрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкіметмемлекеттік корпорациясыкоммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияарқылы жүзеге асырылады.

2-тарауМемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушігеМемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үшжұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейдіКөрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір күннен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырмаминутМемлекеттік корпорацияда – 15 (он бесминут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отызминутМемлекеттік корпорацияда – 15 (он бесминут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысанықағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – белгіленген тәртіппен расталған білім беру ұйымы басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырыпакадемиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының10-тармағындабелгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру нысанықағаз жүзінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушытегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағандадүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағандадүйсенбі мен сенбіні қоса алғандатүскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тандауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондыкезек күту тәртібінде жүзеге асырыладыэлектронды кезекті "электронды үкіметпорталы (бұдан әрі – порталарқылы брондауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілініңбілім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДККқорытындысы;

      ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілініңбілім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ОДККшешімі;

      бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшағасәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілініңбілім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) тууұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлікқұжаттар;

      әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшағасәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілініңбілім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      2) әскери қызметке шақыру туралы қағаз;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшағасәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілініңбілім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы.

      ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілініңбілім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      3) туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімі;

      бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілініңбілім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      әскери қызметке шақырылатын студентке академиялық демалыс беру үшін:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшағасәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілініңбілім беру ұйымы басшысының атына академиялық демалыс беру туралы өтініші;

      3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз.

      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған жағдайдакөрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілініңұсынған жағдайдатиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтердібаланың тууыұл немесе қыз бала асырап алуы туралы куәліктерді "электронды үкіметшлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін қағаз тасымалдағышта басып шығарады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесемемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етедісодан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілген қызметті берушіге тапсырадыКөрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесеондағы деректердің (мәліметтіңдұрыс еместігін анықтау;

      2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелгенталаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесеұсынылған материалдардыңмемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің сәйкес болмауы.

Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың9-тармағындақарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесеқолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайдакөрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына2-қосымшағасәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайдаМемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына3-қосымшағасәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3-тарауКөрсетілетін қызметті берушініңмемлекеттік корпорациясының және (немесеолардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдерінеәрекеттеріне (әрекетсіздігінешағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесеоның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдерінеәрекеттеріне (әрекетсіздігінешағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының14-тармағындакөрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласыМәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша түрде пошта бойыншапортал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегіатыәкесінің аты (бар болса), пошта мекенжайыбайланыс телефондары көрсетіледі.

      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөніберілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырыпкөрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндеМемлекеттік корпорацияда тіркелуі (мөртаңбакіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойыладыболып табылады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігінешағымды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының1415-тармақтарындакөрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорацияның басшысына жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияда қолма-қолсондай-ақ поштамен келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңбакіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бесжұмыс күні ішінде қаралуға тиісШағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайдакөрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайдакөрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарауМемлекеттік қызмет көрсетудіңоның ішінде мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды заңнамада белгіленген тәртіппен өз-өзіне қызмет көрсетуөздігінен қозғалубағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондарына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырыпМемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.


"Білім беру ұйымдарында
 білім алушыларға академиялық
 демалыс беру" мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет
 стандартына
 1-қосымша

____________________________
 Білім беру ұйымы басшысының
 Т.А.Ә. (бар болса)
 кімнен _____________________
 Т.А.Ә. (бар болса)
 ____________________________
 ____________________________
 (көрсетілетін қызметті
 алушының байланыс деректері)
 ____________________________
 _________ мамандығы бойынша
 (мамандық атауы)
 ____________________________

Өтініш

 Маған ____________________________________________________________________

 ________________________________________________________________________________

 ________________________________________________________________________________

 _____________________________________________________________________ байланысты

 (себебін көрсету)

 академиялық демалыс беруіңізді сұраймын.

 Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

 20 жылғы "_____" ___________                              ________________

      (қолы)



"Білім беру ұйымдарында
 білім алушыларға академиялық
 демалыс беру" мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет
 стандартына
 2-қосымша

(көрсетілетін қызметті
 алушының тегі, аты, әкесінің
 аты (бар болса)
 (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
 не ұйымның атауы)
 ____________________________
 ____________________________

Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының20-бабының2-тармағын басшылыққа ала отырып, білім беру ұйымы (мекенжайын көрсету) Сіздің "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты _______________________ мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

 Жоқ құжаттардың атауы:

 1) _____________________;

 2) ______________________;

 3) _______________________.

 Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-біреуден 2 данада жасалды.

 ___________________________________________________________

 Т.А.Ә. (білім беру ұйымының қызметкері) (қолы)








Білім беру ұйымдарында
 білім алушыларға академиялық
 демалыс беру" мемлекеттік
 көрсетілетін қызмет
 стандартына
 3-қосымша

(көрсетілетін қызметті
 алушының
 Т.А.Ә. (бар болса)
 не ұйымның атауы)
 ____________________________
 (көрсетілетін қызметті
 алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының20-бабының2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

 Жоқ құжаттардың атауы:

 1)_______________________________;

 2)_______________________________;

 3)....

 Осы қолхат әр қайсысына бір-бірден екі данада жасалды.

 Т.А.Ә (болған жағдайда)

 (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері)(қолы)

 Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 Телефоны _____________

 Алдым: Т.А.Ә. (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының қолы

 "___" _________ 20__ ж.                              __________________________


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив