Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ КІРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІН БЕКІТТІ
03
июнь
2021

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ КІРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІН БЕКІТТІ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ КІРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІН БЕКІТТІ
 ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді. Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді.
 Жаңа норманы енгізу оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді.
 Осылайша, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді.
 Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты емес. Мәселен, қант диабеті бар оқушыларға қандағы қантты бақылау үшін смартфон қажет болуы мүмкін.
 Балалардың тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына кіргізгені үшін олардың ата-аналары мен заңды өкілдері жауапты болатынын айта кеткен жөн.
 ___________________________________________________________________________
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ УТВЕРДИЛО ПЕРЕЧЕНЬ ЗАПРЕЩЕННЫХ В ШКОЛЕ ПРЕДМЕТОВ
 Приказом Министра образования и науки РК утвержден перечень предметов и веществ, запрещенных к вносу и ограниченных для использования в организациях образования. В этот список вошли все виды оружия, боеприпасы, взрывчатые вещества, а также колющие и режущие предметы.
 Введение новой нормы позволит создать детям безопасную и комфортную среду обучения, а также своевременно выявлять и пресекать правонарушения.
 Таким образом, в школы категорически запрещается вносить оружие и предметы, имеющие внешнее сходство с ним. Кроме того, в организациях образования не допускается внос и использование колющих, режущих и острых предметов, промышленных инструментов, боеприпасов, взрывчатых, ядовитых, психоактивных веществ.
 Также вводится ограничение на использование школьниками смартфонов, планшетов, плейеров во время учебных занятий. Ограничения не коснутся детей с особыми образовательными потребностями, которым смартфоны нужны для контроля здоровья. К примеру, для мониторинга сахара крови при диабете.
 Отметим, ответственность за внос детьми запрещенных предметов и веществ в организации образования будут нести их родители и законные представители.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив