Тамақтандыру туралы мәліметтер.
Аудандық білім
бөлімдерінің басшыларына,
жалпы орта білім беру
ұйымдарының басшыларына
Қаладағы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыру кезінде сапалы және денсаулыққа қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ, бюджеттен бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануда тапсырамын:
- тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде карантин режимін және шектеу шараларын сақтау кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Алматы қаласы бас санитариялық дәрігерінің қаулысын, сондай-ақ «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды» қатаң басшылыққа алсын (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына 46-қосымша).
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтандыруды ұйымдастыру ережесіне сәйкес жалпы міндетті оқу қорының қаражаты есебінен 1-11-сынып оқушыларын тамақтандыруды және әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасындағы оқушылар (әлеуметтік аз қамтылған), жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурстық процедуралар уақтылы жүргізілсін;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 (бұдан әрі – санитарлық ережелер) бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың» 7-ші бөлімі орындалсын:
- 7-ші бөлімнің 119-тармағы бойынша Санитарлық ережеге сәйкес - балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру нысандарының қоғамдық тамақтану ұйымдарында рұқсат етілмейді (ақпараттық стенде орналастыруға):
1) дайындап және сатуға:
қатық, сүзбе, айранды;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған өнімдерді;
шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окрошканы;
саңырауқұлақтарды;
өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
2) мыналарды:
пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін;
ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін;
тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін;
механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін;
құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты;
сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін;
генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды;
йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді;
3) бекітілген ас мәзіріне сәйкес оқушыларды тамақтандыру білім беру ұйымдарындағы асханаларда және буфеттерде жүзеге асырылсын;
4) Жеткізушінің қызмет көрсетуін таңдау кезінде жеткізушіні таңдау бойынша техникалық тапсырмаға тегін тамақтандыруға құқығы бар білім алушыларды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса беріледі. Сонымен қатар, қызмет көрсету жөніндегі келісімді бекіту кезінде жас ерекшеліктері мен жыл мезгілдеріне қарай міндетті түрде апта сайын алмастырумен орындау бойынша қоса берілген перспективалық ас мәзірі басшылыққа алады;
5) бекітілген перспективалық ас мәзіріне сәйкес білім беру ұйымдарының басшылары күн сайын келесі күнге ас мәзірін бекітеді, оны асханаға және үйлестірілген салауатты тамақтар туралы ақпарат жөніндегі салауатты тамақтандыру бұрышына (Сонымен қатап интернет-ресурстың Мектептік тамақтандыру бөліміне орналастырады) іледі.
6) санитарлық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік органмен келісілген санитарлық ережелерге сәйкес әлеуетті жеткізушілерден өнімдердің ассортименттік тізбесі алынсын және тізбе негізінде ақылы тамақтанудың 2 апталық ас мәзірі бекітілсін (ыстық және буфет өнімдері);
7) тағамның картотекасы болған жағдайда тағам өнімдерін қойып, бағасын белгілеу;
8) жекеленген оқушыларға емдәмдік және диеталық тағам (дайындау және бекіту) ұйымдастырылсын;
9) тағамдық блокта келесі журналдардың болуын ұйымдастыру: тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы, тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналы, «С - витаминдеу» журналы, ас блогы жұмыскерлерін тексеріп-қарау нәтижелері журналы, шағым және ұсыныс журналы;
10) салауатты тамақтануды насихаттау туралы ақпаратпен тамақ залын эстетикалық безендірілсін;
11) оқушылардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында, сынып сағаттарында салауатты тамақтануды наихаттау жүргізу;
12) бекітілсін: жауапты мұғалімдердің кезекшілік кестесі, оқушыларды тамақтандыру кестесі, екінші сабақтан кейінгі тамақтандыру уақыты анықталсын;
13) тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу бойынша мектеп комиссиясы жүйелі бақылауды жүзеге асырсын (әкелінетін азық-түлік өнімдерінің сапасына күнделікті мониторинг, тағамды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, өнімдердің дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуына мониторинг).
Комиссия жұмысының қорытындысы тоқсан сайын педагогикалық кеңесте қаралып, орта білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылсын;
14) алдын-ала үстелдерге тамақ әзірлеу ісіне оқушыларды тартуға тыйым салынсын;
15) «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес әлеуметтік жағынан аз қорғалған (табысы аз) отбасылардан шыққан, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тегін тамақпен 100% қамту қамтамасыз етілсін;
16) тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға қарастырылған бюджеттік қаражаттың уақтылы және мақсатты игерілуіне мүмкіндік жасалсын;
17) Алматы қаласы Білім басқармасы жанындағы тамақтандырудың сапасына бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық сараптама топтары: тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жүйелі түрде мониторинг жүргізуді жүзеге асырсын, тамақтандыру сапасына мониторинг бойынша комиссия қызметін зерделеу және оқушыларды тамақтандыруды тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдасын;
18) осы хатта көрсетілген тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуы қамтамасыз етілсін.
Басшы Л. Жылқыбаева
Т. Салижанов, (727)272-11-00
T.Salizhanov@almaty.gov.kz