Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2021

Тамақтандыру туралы мәліметтер.

№ 01-1-21/115-вн от 14.01.2021

Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау  министрлігі


БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ  ДӘРІГЕРІ

 

Министерство

здравоохранения

Республики Казахстан


ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ

                 ҚАУЛЫСЫ                                                                           ПОСТАНОВЛЕНИЕ

__2021 жылғы 14 қаңтардағы_ №_2___  

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                               город Нур-Султан



Қазақстан Республикасының 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 

қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы 



Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

1) 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;»;

2) 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.»;

3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда 46-қосымшамен толықтырылсын. 

2. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасының 

Бас мемлекеттік 

санитариялық дәрігері                                                              Е. Қиясов

































Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 

2021 жылғы 14 қаңтардағы

№ _2_ қаулысына №1 қосымша 


«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 

2021 жылғы 25 желтоқсандағы 

№ 67 қаулысына 

46-қосымша 



Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар


  1. Жалпы ережелер


1. Асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында:

- қағаз немесе электрондық тасығышта (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіру жағдайында) тіркей отырып, күнделікті «кіру сүзгісін» байланыссыз термометрия жүргізу және дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды міндетті түрде оқшаулау арқылы ұйымдастыру;

- объектіге кіреберісте қолды тері антисептигімен (оның ішінде орнатылған дозаторлар көмегімен) немесе дезинфекциялау сулықтарымен өңдеуге арналған орынды ұйымдастыру (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін жер болған жағдайда);

- тұрақты қол гигиенасы үшін ортақ пайдаланылатын орындарда (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырға дозаторларымен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, жеке қағаз сүлгілер немесе электр сүлгілер, қақпағын ашуға арналған аяқ педалі бар қоқыс контейнерлерін орнату;

- персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалармен (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстырудың ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет), сондай-ақ қолды өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарымен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді;

- персоналдың жұмыс орындары арасында қашықтықты (1,5 метрден кем емес) сақтай отырып, олардың асхананың қызметтік өндірістік үй-жайларында объектінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті барынша аз мөлшерде болуын қамтамасыз ету;

- өндірістік процестермен (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) байланысты жұмыстарды орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу;

- үзіліс және демалыс уақытында асхана қызметкерлерінің қозғалысын шектеу (объекті аумағынан шығу, лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес басқа учаскелерге бару); 

- білім беру объектісінің оқушыларымен, оқытушылар құрамымен және персоналымен ғана байланысатын қызметкерлерді анықтау қажет.

2. Жіті респираторлық инфекциялар (температура 37ºС жоғары, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар асхана персоналы жұмысқа кіріспейді.

3. Асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылады.

4. Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, оқытушылар құрамына және білім беру объектісінің персоналына ғана қызмет көрсетеді.

5. Асхана қызметкерлері мен келушілер (оқушылар, оқытушылар құрамы, білім беру объектісінің персоналы) үшін асханаға кіру мүмкіндігінше бөлек көзделеді. 

6. Асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан 30%-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

7. Үстелдерді, орындықтарды және өзге де мүкәммалды орналастыруды үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізеді.

8. Асханалардың жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да жұмыскерлер) келушілерге қолын жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскамен (маскаларды ауыстыру 3 сағатта кемінде 1 рет) қызмет көрсетеді. 

9. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету типі бойынша тарату жүргізілмейді.

10. Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгі қою, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу, кіретін және шығатын адамдардың қозғалыс ағынын бөлу мүмкіндігін көздеу қамтамасыз етіледі.

11. Асханаларда карантиндік шараларды сақтау мүмкін болмаған кезде қол гигиенасын сақтау үшін жағдайлар болғанда тамақты бір рет қолданылатын ыдыспен немесе кейіннен дезинфекциялай отырып, көп рет қолданылатын ланч-бокстармен сыныптарға жеткізу ұйымдастырылады. 

12. Арасында кемінде 2 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайды.

13. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкер бекітіледі.

14. Буфет өнімдерін сату жеке қаптамада жүзеге асырылады.

15. Асхананың жұмыс режимі мектеп әкімшілігімен келісім бойынша тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін кемінде 40 минут үзіліспен белгіленеді


2. Үй-жайлардағы ауаны зарарсыздандыру


16. Объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және баптау жүйелеріне ревизия (тазарту, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) жүргізеді. Барлық үй-жайларды желдету кемінде күніне 3 рет жүргізіледі.

17. Желдету және ауаны баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстардың кестесіне сәйкес жүргізіледі.


3. Үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар


18. Залдарда рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлерін ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаптарда орындау керек.

19. Объектілерді дезинфекциялау мынадай еселікпен жүргізіледі:

- тамақтану залының едендері, сауда сөрелері – күніне кемінде 2 рет таңертең және кешке, сондай-ақ қажеттілік бойынша;

- подностар, тамақ тарату лентасы, есік тұтқалары, кассалық аппараттар, банк терминалы – әр 3 сағат сайын;

- қоғамдық санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдық, оның ішінде кран вентильдері, унитаз бөшкелерінің су ағызатын тетіктері), таяныштар, лифт түймелері – күніне кемінде 3 рет.

Жинау мүкәммалы жинау жүргізілгеннен кейін міндетті түрде дезинфекциялануы тиіс.

20. Дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.

21. Дезинфекциялау жүргізу кезінде экспозиция уақытын (өңделетін объектінің бетінде дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің болу уақыты) және дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын препаратқа арналған нұсқаулыққа сәйкес қатаң сақтаған дұрыс.

22. Өңдеуден кейін беті сумен жуылады және қағаз сүлгілермен, бір рет қолданылатын сулықтармен немесе шүберекпен кептіріледі. Дезинфекциялау құралын пайдалану регламенті дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулықта айқындалған, онда дезинфекциялау құралын экспозициясынан кейін оны жуу қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы түсіндіріледі.

23. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (жұмыс аусымының ұзақтығы 6 сағаттан көп болса – әр 6 сағат сайын) үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ тіректерін), тамақтану залына (асханаға) кіреберістегі қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелеріне ылғалды жинау жүргізіледі.

24. Әрбір объектіде шүберекке, жинау мүкәммалына есепті қажеттілікке қарай дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры жасалады.

25. Дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамаларында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ жерде тығыз жабылған күйінде сақтайды. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек әрбір нақты дезинфекциялау құралына арналған оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.».










Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 

2021 жылғы 14 қаңтардағы

№ _2_ қаулысына №2 қосымша 



Қазақстан Республикасының 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

 № 68  қаулысына

1-қосымша



Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің қызметін қайта бастау


Қызмет түрлері

 Объектілерге қойылатын талаптар

Объектіні     іске қосу сипаты

Ескертпе 

1

Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, бизнес-орталықтары және басқа да кеңселер

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі – № 67 БМСДҚ)  1-қосымша 

Хабарлама


2

Өнімнің бөлшек сауда объектілері, үй жанындағы дүкендер 

№ 67 БМСДҚ
 5-қосымша

Хабарлама


3

Тамақ өнімдерін көтерме және бөлшектеп сату объектілері 

(азық-түлік базарлары), азық-түлік қоймалары

№ 67 БМСДҚ

5-қосымша

Объектінің  сәйкестігі туралы акт

Бару арқылы

4

Көтерме және бөлшек сауда объектілері (азық-түлік емес базарлары), азық-түлік емес қоймалары

№ 67 БМСДҚ 

5-қосымша

Объектінің  сәйкестігі туралы акт

Бару арқылы

5

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем болатын бөлек тұрған дүкендер, сауда желілері

№ 67 БМСДҚ 

5-қосымша

Хабарлама


6

Сауда алаңы 2000 ш.м астам болатын бөлек тұрған дүкендер, сауда желілері 

№ 67 БМСДҚ 

5-қосымша

Объектінің  сәйкестігі туралы акт


Бару арқылы

7

Сауда алаңы 2000 ш.м астам сауда ойын-сауық кешендері (орталықтары), сауда үйлері 

№ 67 БМСДҚ
 5-қосымша

Объектінің  сәйкестігі туралы акт

Бару арқылы

8

Онлайн сауда объектілері (интернет дүкендер, курьерлік қызметтер және т. б.)

№ 67 БМСДҚ
 1 және 5-қосымшалар

Хабарлама


9

Автосалондар, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендері және техникалық қызмет көрсету станциялары (вулканизация, автожуу, шиномонтаж) 

№ 67 БМСДҚ
 6-қосымша

Хабарлама


10

Қызмет көрсету саласы объектілері (сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу)

№ 67 БМСДҚға
  7-қосымша

Хабарлама


11

Фитнес қызметін көрсету бойынша объектілер, спорт кешендері

№ 67 БМСДҚ
 8-қосымша

Хабарлама


12

Халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілер және өзге де объектілер

№ 67 БМСДҚ
 10-қосымша

Хабарлама


13

Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілер (қонақүйлер, отельдер)

№ 67 қаулыға
 11-қосымша

Хабарлама


14

Әуежайлардың және теміржол  вокзалдары, автовкозалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері

№ 67 БМСДҚ
 12-қосымша

Объектінің    сәйкестігі туралы акт

Бару арқылы

15

Маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, оның ішінде ара шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің қызметі 

№ 67 БМСДҚ
 13-қосымша

Хабарлама


16

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары

№ 67 БМСДҚ
 14-қосымша

Хабарлама


17

Интернаттарды, ЖОО АОО қоса алғанда, қызметіне рұқсат етілген білім беру объектілері


ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру  объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 10- тарауы

Хабарлама


18

Білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілері 

№ 67 БМСДҚ 46-қосымша

Хабарлама


19

Қоғамдық көлік

№ 67 БМСДҚ
 15-қосымша

Хабарлама


20

СПА, массаж салондардың, моншалардың, сауналардың қызметі

№ 67 БМСДҚ
 16-қосымша

Хабарлама


21

Санаторий-курорттық мақсаттағы объектілер, демалыс үйлері, туристік базалар

№ 67 БМСДҚ
 17-қосымша

Хабарлама


22

балаларды сауықтыру лагерлері

№ 67 БМСДҚ
 18-қосымша

Хабарлама


23

Білім беру, түзету орталықтарының қызметі

№ 67 БМСДҚ
 19-қосымша

Хабарлама


24

Тамақ өнеркәсібі объектілері

№ 67 БМСДҚ
 25-қосымша

Хабарлама


25

Қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру объектілеріндегі тамақтануды қоспағанда)

№ 67 БМСДҚ
 21-қосымша

Хабарлама


26

Ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы қоғамдық тамақтану объектілері (білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда)

№ 67 БМСДҚ
 21-қосымша

Хабарлама


27

Тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру объектілері

№ 67 БМСДҚ
 22-қосымша

Хабарлама


28

Пенитенциарлық (қылмыстық атқару) жүйедегі мекемелері

№ 67 БМСДҚ 24-қосымша

Объектінің  сәйкестігі туралы акт

Бару арқылы

29

Өнеркәсіптік  кәсіпорындар мен өндірістік объектілер, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы объектілер

№ 67 БМСДҚ
 25-қосымша

Хабарлама


30

Медициналық-әлеуметтік объектілер (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары)

№ 67 БМСДҚ
 26-қосымша

Хабарлама


31

Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар құрылыс компаниялары (құрылыс салушылар)

№ 67 БМСДҚ
 28-қосымша

Хабарлама


32

Денсаулық сақтау объектілері (стоматологиялық клиникаларды қоспағанда)

№ 67 БМСДҚ
 2, 4 және 34-қосымшалар

Хабарлама


33

Стоматологиялық  клиникалар

№ 67 БМСДҚ
 29-қосымша

Хабарлама


34

Экскурсиялық қызметті жүзеге асыратын объектілердің кеңселері (туристердің ұйымдастырылған топтары үшін экскурсиялар ұйымдастыру) 


№ 67 БМСДҚ
 31-қосымша

Хабарлама


35

Зертханалар

№ 67 БМСДҚ
 30 және 33-қосымша

Хабарлама


36

Ашық ауадағы аттракциондар

№ 67 БМСДҚ
 9-қосымша 

Хабарлама


37

Қаржы нарығы объектілері

№ 67 БМСДҚ
 1-қосымша

Хабарлама


38

Мәдениет объектілері (30 адамға дейін жеке және топтық дайындықтар), кңтапханалар, музейлер, кинотеатрлар, театрлар

№ 67 БМСДҚ
 9-қосымша

Хабарлама


39

Діни объектілер 

№ 67 БМСДҚ
 20-қосымша
 

Хабарлама


40

Бассейндер (1 адамға су айдынының 5 ш.м. есептегенде)

№ 67 БМСДҚ
 16-қосымша
 

Хабарлама


41

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және басқалар)

№ 67 БМСДҚ
 38-қосымша
 

Хабарлама


42

Боулинг, бильярд 

№ 67 БМСДҚ
 39-қосымша
 

Хабарлама


43

Компьютерлік клубтар

№ 67 БМСДҚ
 39-қосымша
 

Хабарлама


44

Ойын-сауық орталықтары 

№ 67 БМСДҚ
 5, 45-қосымшалар
 

Хабарлама




Согласовано

14.01.2021 14:47 Кожапова Роза Абзаловна

14.01.2021 14:48 Естекова Гульмира Абдигалиевна

14.01.2021 14:48 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна

14.01.2021 14:49 Басманова Индира Прмагамбетовна

14.01.2021 14:59 Садвакасов Нуркан Олжабаевич

Подписано

14.01.2021 15:10 Киясов Ерлан Ансаганович

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив