Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №197 негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасы Жалпы ережелер
07
апрель
2021

№197 негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасы Жалпы ережелер

      «Бекітемін»

                                                                                           №197 негізгі орта мектеп директоры

                                                                                             Сарыбаева Т.Ш.  __________

                                                                     «____»______20___ж.

№197 негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасы

Жалпы ережелер

1. №197 негізгі орта мектеп кітапханасы орта білім беретін ұйымының құрылымдық  бөлімшесі болып табылады және өз қызметін мектептің негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Мектеп  кітапханасы оқу - тәрбие үдерісін білім беру және педагогикалық әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз етеді. Кітапхана білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына: мектеп әкімшілігіне, педагогика ұжымына, оқушылар мен ата - аналарға кітапхана қорларына еркін қолжетімділікті ұсынады.

3. Кітапхана оқушылардың оқудағы дербестігін жүзеге асыруға, олардың танымдық және шығармашылық қызметін дамытуға септігін тигізеді, педагогикалық ұжымға педагогика және  білім беру жөніндегі ақпаратты беру, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ оқырмандардың ақпарат мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

4.  Өз қызметінде мектеп кітапханасы:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын;                                                                                - Білім мен мәдениеттің дамуын анықтайтын ҚР - ың Заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің нормативтік - құқықтық актілерін;                                                                                           - ҚР Білім және ғылым министрлігінің және  оның уәкілетті  құрылымдық бөлімшелерінің бұйрықтары мен өкімдерін;                                                                                                                    - ҚР Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми - педагогикалық кітапханасының (ҚР БҒМ РҒПК) әдістемелік ұсыныстарын;                                                                   - облыстық білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің бұйрықтары мен өкімдерін;                                                                                                                            - мектеп Жарғысын;                                                                                                                                   - мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;                                                                                          - мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін;                                                                              - осы Ережені басшылыққа  алады.

5. Кітапхана қорларын және басқа да кітапхана ақпаратына қолжетімділік тәртібі, негізгі қызметтер мен оларды көрсетудің шарттары кітапхананы пайдалану қағидаларында белгіленеді.

2. Кітапхананың міндеттері

        1. Кітапхана  қорларына кең қолжетімділік негізінде кітапхана оқырмандарының ақпарат қажеттіктеріне сәйкес оларға кітапханалық және ақпараттық - библиографиялық қызмет көрсету жолымен оқу - тәрбие үдерісін және өздігінен білім алуды қамтамасыз ету.   

        2. Оқушыларда ақпарат мәдениеті дағдыларын қалыптастыру, ақпарат іздестіру әдістеріне үйрету, жүйелі оқуға деген қажеттікті сіңіру.

        3. Мектеп педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жүйелі түрде арттыруға жәрдемдесу.

         4. Дәстүрлі кітапхана технологияларын жетілдіру және инновациялық ақпарат технологияларын ендіру, кітапхана үдерістерін автоматтандыру және ұйымдастыру техникасын пайдалану негізінде жаңа кітапхана технологияларын меңгеру.

3. Негізгі функциялары

1. Мектеп кітапханасының негізгі функциялары: білім беру, ақпарат және мәдени.   

2. Мектептің оқу - тәрбие үдерісін кітапханалық және ақпараттық- библиографиялық қамтамасыз етудің жүйесін жетілдіру мақсатында кітапхананың перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу.

3. Кітапхана қорларын мектептің білім беру бағдарламаларына, оқу жоспарларына және кітапхана  оқырмандарының ақпарат қажеттіктеріне сәйкес құру.

4. Кітапхана қорларын салалық құрамы әмбебап, дәстүрлі (кітаптар, мерзімді басылымдар) және электронды ақпарат тасығыштардағы (CD-ROM, мультимедиа): оқу, көркем, анықтама, ғылыми - көпшілік, ғылыми -педагогикалық және әдістеме әдебиетімен толықтыру.

5. Кітапхана қорының есебін (жиынтық, мүліктік, мүліктік емес) және құжаттарды ғылыми өңдеуді белгіленген талаптарға сәйкес жүргізу.

6. Оқырман - оқушылардың жас ерекшіліктерін ескере отырып қорды көп аспектілік ақпарат - библиографиялық ашықтығын көрсету мақсатында анықтама - библиографиялық аппаратты: дәстүрлі каталогтарды (мақалалардың жүйелі картотекасын, тақырыптық картотекларды) және электронды деректер базаларын (электронды каталогты) ұйымдастыру және жүргізу.

7. Кітапхана қорын ұтымды орналастыруды жүзеге асыру, кітапхана қорын сақтаудың тиісті санитарлық - гигиеналық режімін және сақталуын қамтамасыз ету.

8. Кітапхана қорынан тозған, ақаулы, мазмұны жағынан ескірген, басы артық дублетті, бейінді емес, аз пайдаланылатын және жоғалған әдебиеттерді алып тастау; бейінді емес және басы артық (дублетті) әдебиеттерді қолданылып жүрген нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес қайта орналастыруды жүзеге асыру.

9.  Мектептің өзгешілігі мен оқырмандар сұраныстарын ескере отырып абонементте және оқу залында саралы қызметін көрсетуді ұйымдастыру.

10. Кітапхана жұмысының жеке, топтық және көпшілік нысандарының (әңгіме-сұхбаттар, көрмелер, библиографиялық шолулар, кітаптарды талқылау, оқырман конференциялары, әдеби кештер, викториналар және т.б.) көмегімен кітапхана қорын насихаиттау.

11. Белгіленген қағидаларға сәйкес кітапхана оқырмандарына қызмет көрсетудің есебін жүргізу.

12. Оқырман - оқушыларды кітапхананың нақты жұмысына қатыстыру мақсатында кітапхана активін және іс-шараларды жүзеге асыруда және кітапхана жұмысының көкейкесті мәселелерін қарастыруда нақты көмек көрсету мақсатында кеңесші орган құқығындағы кітапхана кеңесін құру.

13. Оқырмандарға қызметтердің басқа да түрлерін, соның ішінде қосымша (ақылы) кітапханалық - ақпарат қызметтерін (көп еңбекті қажет ететін библиографиялық анықтамаларды, әдебиеттер тізімдерін әзірлеу; баспа түпнұсқаларын ксерекөшірмелеу және т.б.), олардың тізбесі кітапхананың ақылы қызметтер (кітапхананың негізгі қызметіне зиянын тигізбейтін) туралы Ережесінде белгіленеді.

14. Оқырмандарға ақпараттық - библиографиялық қызмет көрсету.

15. Мектептің оқу жұмысына көмек ретінде оқырмандардың ақпарат қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында ұсыныстық библиографиялық көрсеткіштерді, әдебиеттер тізімдерін әзірлеу.

16. Оқырмандарды кітапхана ресурстары туралы құлақтандыруды қамтамасыз ету үшін кітапхана көрмелерін ұйымдастыру, плакаттарды, қабырғалықтарды (стенділерді) және т.т. ресімдеу.

17. Тақырыптық, атаулы, библиографиялық анықтамаларды орындау, библиографиялық шолуларды жүргізу.

18.  Кітапхана оқырмандарына ақпаратты таңдау мен іздестіруде кеңесшілік және нақты көмек (жеке, топтық, көпшілік) көрсету.

19. Кітапханалық - библиографиялық білім негіздерін насихаттау жөніндегі факультативтік сабақтар мен үйірмелерді белгіленген тәртіппен (кесте, жоспар бойынша) жүргізу, оқырмандарды қазіргі заманға телекоммуникация құралын пайдалана отырып іздестіру әдістеріне баулу.

20. Мектеп кітапханасы құратын құжаттар қорын (құжаттар көшірмелерінің тақырыптық қорландыру папкаларын) қалыптастыру.

21. Кітапхана жұмысының сапасын одан әрі жақсарту мақсатында кітапхана қызметінің мониторингін (оқырман формулфрын талдау, кітапхана қорын пайдалану, кітаппен қамтылу, пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіктері және т.т.) жүзеге асыру.

22. Оқырмандардың білім беру және педагогикалық ақпаратқа деген ақпараттық қажеттіктерін толығымен қанағаттандыру мақсатында өңірдің кітапханаларымен өзара іліктесу.

4. Ұйымдастыру, басқару, штаттары

1. Кітапхананы ашудың басты шарты - бұл бастапқы қордың, әдебиеттерді жинақтауды және басқа да шығындарды, қордық сақталуы мен оқырмандарға қызмет көрсетуге жауапты штат бірліктерін қаржыландырудың жыл сайынғы тұрақты көзінің, сондай - ақ санитарлық нормаларға сәйкес келетін үй - жайлар мен құрал - жабдықтардың болуы.

2.  Мектеп кітапханаларына жалпы ғылыми – әдістемелік басшылықты:  

- өңірлер деңгейінде облыстық білім басқармасының, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің мектеп оқулықтарының кітапханалық қорлары жөніндегі мамандары, облыстық, Астана, Алматы қалалары педагогика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау иниституттарының кітапханашылары; 

                                                                                                                                              - республика  деңгейінде білім беру ұйымдарының барлық кітапханалары үшін салалық ақпарат және ғылыми - әдістеме орталығы болып табылатын ҚР БҒМ РҒПК жүзеге асырады.

3. Кітапханаға басшылықты және оның қызметіне бақылауды мектеп директоры жүзеге асырады, ол кітапхананың ұйымдық - реттеуші және технологиялық құжаттарын бекітеді.

4. Мектеп директоры кітапхана қызметінің  барлық қырлары үшін жауап береді, бұл: кітапхана қорын жинақтау және сақтау, оқырмандар үшін жайлы жағдай  мен сапалы кітапхана қызметі үшін қажетті жағдай жасау.

5. Кітапхананы басқарудың бірқатар қызметін мектеп директоры кітапхананың штатты қызметкеріне (меңгерушісіне, кітапханашыға) береді.

6. Мектеп кітапханасының  қызметін  тексеру мектеп директорының, облыстық білім басқармасының, қалалық (аудандық) білім бөлімінің келісімі бойынша жүргізіледі.

7.  Кітапхана жұмысын  ұйымдастыру мен қызыметінің нәтижелері үшін кітапхана меңгерушісі жауап береді, ол педагогика ұжымының мүшесі болып табылады және мектептің педагогика кеңесінің құрамына енеді.

8. Меңгеруші (кітапханашы) өз құзіреті шеңберіне кітапхана қызметінің нәтижелері үшін толық жауап береді.

9.  Мектеп кітапханасының кітапхана атауы бар мөртаңбасы болады.

10.  Кітапхана жылдық жоспарлар мен жұмысы туралы есептер әзірлейді, олар педагогика кеңесінде талқыланады және мектеп директоры бекітеді. Кітапхананың жылдық жоспары мектеп оқу - тәрбие жұмысының жалпы жылдық жоспарының бір бөлігі болып табылады.

11. Кітапхананың жұмыс кестесі мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес белгіленеді. Кітапхана жұмысының өзгешілігін ескере отырып күнделікі жұмыс уақытының бір сағаты ішкі жұмыстарды атқаруға жұмсалады, кітапханада айына бір мәрте санитарлық күн өткізіледі, бұл күні кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

12. Кітапхана штаттары мен еңбекке ақы төлеу мөлшері қолданылып жүрген нормативтік - құқықтық құжататрға сәйкес белгіленеді.

13. Кітапхана қызметкерлері әр бес жылда бір рет атқаратын қызметіне сәйкестігіне аттестациядан өткізіледі.

14.  Кітапхана мңгерушісі (кітапханашы) біліктілікті  арттыру курсында (бес жылда бір рет), кітапхана қызметкерлерінің семинарларында, өңірдің мектеп кітапханалары қызметкері әдістемелік бірлестіктерінің кеңестерінде, сондай-ақ өздігінен білім алу жолымен жүйелі түрде біліктілігін арттырып отырады.

15. Аптасына бір рет кітапханашының әдістемелік күні беріледі, ол біліктілікті арттыруға жұмсалады: өңірдің мектеп  кітапханашылары әдістемелік бірлестіктерінің кеңестеріне  бару, басқа кітапханалардың жұмыс тәжірибесін зерделеу, көпшілік іс - шараларға дайындық және т.т.

16. Кітапхана қызметкерлері  белсенді жұмысы үшін білім қызметкерлері үшін көзделген  марапаттарға, айрықша белгілерге ұсыныла алады.

17. Педагогикалық кеңестерде кітапхана өз қызметі туралы мектеп әкімшілігі алдында тұрақты есеп беріп отырады.

18. Мектеп әкімшілігі кітапхананы мыналармен қамтамасыз етеді:                             -  қолданып жүрген нормаларға сәйкес оқулықтар бөлек бөлмелерде сақталатын кітапхана қоры мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ететін қажетті үй - жайлармен және құрал - жабдықтармен және өртке қарсы қауіпсіздікпен;                                                                                                                    -  осы заманғы компьютер және көшірмелеу                                                                                   - көбейту техникаларымен (принтермен, сканермен, ксерокспен), Интернетке қатынау бар болған жағдайда                                                                                                    - Интернетке шығумен;                                                                                                                                                                  -  белгіленген нормативтерге сәйкес қорларды жинақтаудың және басқа да шығындардың кепілді қаржыландырылуы;                                                                    -  кітапхана техникасымен (каталог карточкелерімен, каталог және кітап бөлгіштермен, оқырман формулярымен және т.б.) және кеңсе жабдықтарымен;                                                                                                                -  кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін  жүйелі түрде арттыру:                          біліктілікті арттыру курстарына оқу (бес жылда бір реттен кем емес), өңірдің мектеп кітапханашылары әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына, конференцияларға, семинарларға, стажировкалардан өтуге қатысуы, кітапхана жұмысын ұйымдастыру проблемалары жөніндегі басқа кітапханалардың жұмыс тәжірибесімен танысу, сондай - ақ олардың өздігінен білім алуы үшін жағдай туғызу.

5. Кітапхана кеңесі

1. Мектеп кітапханасында іс - шараларды жүзеге асыруда нақты көмек көрсету және кітапхана жұмысының көкейкесті мәселелерін қарастыру мақсатында кеңесшілік құқығындағы  кітапхана кеңесі құрылуы мүмкін.

2. Кітапхана кеңесі өз жұмысын мектеп қызметінің негізгі бағыттарымен және жоспарларымен үйлестіреді.

3. Кітапхана кеңесінің құрамына кітапхана қызметкерлері, педагогика ұжымынан, ата - аналар активінің, жұртшылық және оқушылар өкілдері енеді. Кеңестің сандық құрамы жұмыстың көлеміне қарай, бірақ бес адамнан кем емес болып белгіленеді.

4. Оның төрағасы мектеп әкімшілігінің өкілі, ал хатшысы кітапхана меңгерушісі (кітапханашы) болып табылады. Кеңес мүшелері кітапхана жұмысының белгілі бір бөлігіне жауапты болып бекітіледі.

5. Кітапхана кеңесінің отырысы мектеп директоры  бекіткен жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде (тоқсанына бір мәрте) өткізіледі.

6. Құқықтары мен жауапкершілігі

 Кітапхананың мынадай құқықтары бар:   

1. Осы Ережеде келтірілген  міндеттерге сәйкес өз қызметінің мазмұны мен нысандарын дербес белгілеу.    

2. Кітапхананы пайдалану қағидалары мен басқа да ұйымдастыру - реттеуші және технологиялық құжаттарды әзірлеу.

3. Кітапхананы пайдалану қағидаларына сәйкес оқырмандардың кітапханаға келтірген залалының өтемінің түрлері мен мөлшерін белгілеу. 

4. Кітапхана алдына қойылған міндеттерді шешумен байланысты ақпаратқа, білім беру бағдарламаларына, оқу жоспарларына, мектептің оқу жоспарларына еркін қолжетімділік.    

5. Қолданылып жүрген заңнамада белгіленген тәртіппен кітапханашылар бірлестіктеріне (Мектеп кітапханашылары қауымдастығы және т.б.) кіру. 

Кітапхана қызметкерлері:   

1.  ҚР - ның қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленгендер шегінде өзінің лауазымдық міндеттерін, қызмет этикасын тиісті орындамағаны.  

     2.  ҚР - ның қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында  белгіленгендер шегінде өз қызметін жүзеге  асыру барысында жасалған құқық бұзушылықтар.  

     3.  ҚР - ның қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленгендер шегінде материалдық зиян келтіргені үшін жауап береді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив