07
апрель
2021
Білім және ғылым министрлігінің бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасын пайдаланудың жобалы ережесі
1 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханасын пайдаланудың үлгі ережесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы кітапханасы жөніндегі Типтік ережеге сәйкес әзірленеді және салалық бағынасына қарамастан мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханасына таратылады. 2 Үлгі ереже техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқырмандарына қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттерін реттейді.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасын пайдаланудың жалпы қағидалары
3 Кітапхананы оқушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің пайдалануына құқығы бар. Басқа категориядағы оқырмандарға бір реттік кепілдік жүйе бойынша қызмет көрсетіледі.
4 Кітапхана оқырмандары негізгі тегін кітапхана қызметтерімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ, білім беру ұйымының басшысы бекіткен тізбектер мен прейскуранттарға сәйкес қосымша ақылы қызметтер көрсетеді.
5 Әдебиет үйге абонементтерде беріледі. Соңғы немесе бір ғана дана, сондай-ақ «міндетті дана» белгісі бар дана үйге пайдалануға берілмейді. Оқу залында әдебиетті одан шығару құқығынсыз пайдалануға болады.
6 Оқырмандарды кітапханаға жазу оқырманның арнаулы орта оқу орнына қатыстылығын білдіретін құжат: оқушылар-билет, оқытушылар, қызметкерлер мен оқырмандардың басқа категориялары үшін-төлқұжат немесе қызмет куәлігі мен 3х4 өлшемді бір фотосуретін көрсетуі бойынша жүргізіледі. 7 Оқырманға кітапхананы пайдалану құқығын иемденетін бірыңғай оқырман билеті беріліп, оқырман формуляры толтырылады. Кітапханаға жазылар кезде оқырман оның қағидаларымен танысып, оны орындау жөніндегі міндеттемесін оқырман формулярына қол қоюмен растайды.
8 Оқырман билетінің қолданылу мерзімі-бір жыл. Кітапхана жыл сайын өзі белгілеген мерзімде оқырмандарды оларға жазылған әдебиеттің бәрін көрсетуімен қайта тіркеуден өткізіп, оқырман билетін ұзартады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.
9 Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзіне жазылған басылымдар мен оқырман билетін кітапханаға қайтарады.
10 Кітаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексеріп шығады. Қандай да бір ақау табылған жағдайда ол жөнінде кезекші кітапханашыға мәлімдейді. Олай болмаған жағдайда кітапты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді.
11 Пайдалану қағидасын бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданылып жүрген заңдарда, кітапхана жарғысы мен оны пайдалану қағидасына көзделген нысанда әкімшілік, заттық немесе қылмыстық жауапқа тартылады.
Кітапхана қорынан алынған кітаптарды, басқа да баспасөз туындылары мен материалдары жоғалтқан немесе оған орны толмас зиян келтірген кәмілетке толмаған оқырмандар үшін жауапкершілікті оны қадағалаушы ата-анасы, асыраушысы тартады.
12 Басылымды жоғалтқаны үшін жауапты оқырман дәл сондай басылыммен немесе оның көшірмесімен, немесе кітапхана құны бірдей деп тапқан басылыммен алмастырады, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өтейді. Оқушыдан жоғалған кітаптың құнын өндіріп алу білім беру ұйымының директоры белгілейді.
Абонементті пайдалану қағидалары
- Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге:
14 Пайдалану мерзімі егер материалға оқырмандар тарапынан сұраным көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін
15 Оқырман алынған әрбір дана үшін кітап немесе оқырман формулярында қол қояды. Кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі.
16 Сырттай оқитын оқушылар қажетті әдебиетпен сессия аралық кезеңде қамтамасыз етіледі.
17 Топ сабақтарында пайдалану үшін әдебиет абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріліп, топтың кезекші оқушысының қол қоюымен тіркеу журналына жазылады. Топ сабағына алынған әдебиет үшін оқытушы жауап береді.
Оқу залын пайдалану қағидалары
18 Оқу залында кітап беру бірыңғай оқырман билеті немесе студенттік (оқушы) билеті бойынша жүргізіледі.
19 Кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюмен толтырылады.
20 Жеке залы жоқ кітапханаларда кітапхананың жұмыс уақыты шегінде әдебиетті оқу орнының қабырғасында пайдалану үшін абонементте бірыңғай оқырман билетімен беріледі. Кітапхана бір күнге алынған әдебиеттің уақытылы қайтарылуын бақылайды.
21 Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды.
22 Әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады. Осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.
Оқырманның құқықтары мен міндеттері
23 Оқырманның мынаған құқығы бар:
1) кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға; 2) ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға; 3) кітапханада электронды техника бар жағдайда облыстық оқу ұйымдарының жиынтық электронды каталогы мен Интернет пен басқа да ақпаратты қызметтерімен пайдалана алады.
24 Оқырмандар мынаған міндетті:
1)әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға; 2) кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға; 3) кітапханадан алған басылымдарды белгілеген мерзімде қайтаруға.
- Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:
Кітапхананың құқықтары мен міндеттері
- Кітапхана оқырмандарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханасы жөніндегі ереже мен кітапхананы пайдалану қағидасына сәйкес қызмет көрсетеді.
- берілген кітаптардың кітапханаға қайтарылуын үнемі бақылауға; 2) кітапхананы пайдалану қағидасын бұзған оқырмандарға айыппұл санкциясын қолдануға; 3) оқырмандардың жоғалған немесе бүлінген басылымдардың шынайы нарықтық құнын өндіруге, ал жоғалған немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда оқырманның жұмыс орны бойынша сол басылымның шынайы нарықтық құнын он есе мөлшерде өндіріп алу мақсатымен сот орындарына баруға.
Егер кітаптар бұл мерзімде кітапханаға қайтарылмаса, кітапхана оқырманға оларды екі ай ішінде қайтару немесе мазмұны мен бағасы бірдей кітаппен алмастыру жөнінде жазбаша талап жібереді. Талапта қайтарылмаған немесе алмастыру мүмкін болмаған жағдайда оқырманнан бұл шығармалар он есе мөлшерде өндіріліп алынатыны даусыз екені ескертіледі.
Егер оқырман көрсетілген мерзім ішінде кітаптарды қайтармаса немесе құны бірдей алмастырмаса, кітапхана нотариалдық орынға оқырманнан немесе оның ата-анасынан жұмыс орны бойынша жоғалған немесе бүлінген кітап, баспасөз туындысы мен басқа да материалдар құны он есе мөлшерде өндіріп алу жөнінде талап жібереді.
29 Оқырмандардың кітапханада сақталатын құжаттарды пайдалануын шектеуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 3 шілдеде № 522 бұйрығымен бекітілді
Мектеп кітапханасын пайдаланудың үлгі қағидалары
1 Жалпы ережелер
- Кітапхананы пайдалану қағидалары-оқырманның кітапханамен арақатынасын реттейтін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың, қорларды пайдаланудың жалпы тәртібін кітапхана меноқырмандардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қызмет көрсетудің жеке тәртібі мен технологиясын нақты жайларды ескере отырып әр кітапхана өздері белгілеп реттейді.
- Кітапхана оқырмандарға уақытша пайдалануға кітаптар, кітапханада бар басқа да баспа шығармалары мен материалдар беруді ұйымдастырады.
- Кітапхана мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылар мен қызметкерледің, сондай-ақ ата-аналар мен жақын мөлтекаудан тұрғындарының да кітапхананы пайдалануға құқығы бар.
- Кітапхананы пайдалану тегін.
- Үйге әдебиет абонементте беріледі. Кітапхананың оқу залында пайдалануға арналған әдебиет үйге берілмейді. Кітапханада жоқ ғылыми әдебиетке кітапхана оқырмандары (мұғалімдер) талабы бойынша кітапханааралық абонемент (КА) арқылы тапсырыс береді.
- Кітапханада компьютер және басқа техникалық құрал-жабдықтар бар болған жағдайда, оқушылар мен мұғалімдерге дербес жұмыс жасауы үшін компьютердің бағдарламалық қоры, компакт-дискілер /СД/, белгілі электрондық қор, бейнежазбалар, слайдтар, магитофондық жазбалар, диафильмдер, кодопозитивтер беріледі.
- Шежірелер (энциклопедия), анықтамалар, ағымдағы мерзімді баспасөз басылымдары, КА арқылы алынған әдебиеттер және дәстүрден тыс электрондық ақпарат таратушы құжаттар тек оқу залында жұмыс істеу үшін беріледі.
- Кітапхана қорында бір кітап, газет-журналдар, басқа да баспа шығармалары және слайдтар, бейнежазбалар, магнитофондық жазбалар, СД, белгілі электрондық қорлардың оқырмандарға берілуі есебі ұйымдастырылады.
№197 НОМ мектеп директоры
________ Сарыбаева Т.Ш.
«____»______20___ж.
Оқырманның құқықтары мен міндеттері
Оқырманның мынаған құқығы бар: 1) кітапхана көрсететін кітапхана - ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға; 2) ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға; 3) кітапханада электронды техника бар жағдайда облыстық оқу ұйымдарының жиынтық электронды каталогы мен Интернет пен басқа да ақпаратты қызметтерімен пайдалана алады. Оқырмандар мынаған міндетті: 1) әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға; 2) кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға; 3) кітапханадан алған басылымдарды белгілеген мерзімде қайтаруға. Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді: 1) кітапханаға сырт киіммен кіру; 2) оқу залына сөмкемен кіру; 3) кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіп бұзу; 4) кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптар алып шығу; 5) кітапхана басылымдарын бүлдіру (оған белгі салу,сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу); 6) картотекалар мен каталогтерден кәртішкелер шығарып алу; 7) қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері
Кітапхана оқырмандарға бастауыш және орта білім беру ұйымдары кітапханасы жөніндегі Ереже мен кітапхананы пайдалану қағидасына сәйкес қызмет көрсетеді
Кітапхананың мынаған құқығы бар
1) Берілген кітаптардың кітапханаға қайтарылуын үнемі бақылауға; 2)Оқырмандардан жоғалған немесе бүлінген басылымдардың рыноктық нарықтық құнын өндіруге, ал жоғалған немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда (10 – есе құнын) өндіріп алуға.
«Бекітемін»
№197 НОМ мектеп директоры
________ Сарыбаева Т.Ш.
«____»______20___ж.
Кітапхана мүліктерін пайдалану ережесі - Кітапханадан үйге кітаптар абонемент арқылы беріледі.Абонемент бөлімінде жалғыз кітап үйге берілмейді Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге: 1)қоғамдық ғылымдар жөніндегі әдебиет кітап санын шектусіз бір оқу жылына; 2) оқу және әдістемелік әдебиет белгіленген мерзімде міндетті қайта тіркеуден өткізіліп тиісті пәнді оқу мерзіміне; 3) ғылыми және арнаулы әдебиет - 2-3 кітаптан - 20 күнге; 4) көркем әдебиет - 1-2 кітаптан - 20 күнге; - Пайдалану мерзімі егер материалға оқырмандар тарапынан сұраным көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін - Оқырман алынған әрбір дана үшін кітап немесе оқырман формулярында қол қояды. Кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі. - Сырттай оқитын оқушылар қажетті әдебиетпен сессия аралық кезеңде қамтамасыз етіледі. - Топ сабақтарында пайдалану үшін әдебиет абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріліп, топтың кезекші оқушысының қол қоюымен тіркеу журналына жазылады. Топ сабағына алынған әдебиет үшін оқытушы жауап береді. Оқу залын пайдалану қағидалары - Оқу залында кітап беру бірыңғай оқырман билеті немесе студенттік (оқушы) билеті бойынша жүргізіледі. - Кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюмен толтырылады. - Жеке залы жоқ кітапханаларда кітапхананың жұмыс уақыты шегінде әдебиетті оқу орнының қабырғасында пайдалану үшін абонементте бірыңғай оқырман билетімен беріледі. Кітапхана бір күнге алынған әдебиеттің уақытылы қайтарылуын бақылайды. - Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды.- Әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады.