Телефоны приемной:
+77275922740
+77051886460
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН!!! Эссе байқауының мектепішілік жеңімпаздары.
04
май
2021

ДОСТЫҒЫМЫЗ ЖАРАСҚАН!!! Эссе байқауының мектепішілік жеңімпаздары.

Достығымыз жарасқан!
Басқа ұлттармен және ұлыстармен 
бейбіт тату көршілік қарым-қатынаста 
болу – қазақтардың ежелгі дәстүрі
Нұрсұлтан Назарбаев
        1995 жылы 1 наурызда Елбасының бастамасымен және арнайы жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.  Бірліктің берекелі бесігіне айналған іргелі ұйым бүгінгі  күні еліміздегі татулық пен тұрақтылықты қалыптастыруға  айрықша үлес қосып келеді.
        Ата-бабаларымыздың арманы орындалып  біз әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет құрдық.  Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ  - Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің  Ұлттық идеясы  - Мәңгілік ел!
        Бәріміздің  де туған жеріміз  - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің  бір ғана Отанымыз бар, ол  - тәуелсіз Қазақстан.  Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан  - 2050» стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.   Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы  арасында сабақтастық  болса ғана біз «Мәңгілік ел» боламыз.   
        Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып,  бірлігін бекемдей түскен Қазақстанда  130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде! Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Қазақстан халқы Ассамблеясына 26 жыл. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды.
Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық - бір ел - бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.
       Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес. Көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар, ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар  егеменді еліміздің аспаны ашық , ертеңі жарқын болсын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив